Теміртауда тұрғындарға 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Экономика
10.03.2023, 09:41

Прокуратура Теміртаудағы жылумен қамтамасыз ету саласын тексерген

Теміртауда тұрғындарға 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
фото: ашық дереккөз

Теміртауда 120 мың тұрғын жылуға ақшаны артық төлеп келген. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.

Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізген. Жылыту маусымы басталғалы «Оқжетпес-Т» ЖШС «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына әкелген.

Мұндай жағдайда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден астам сомаға 120 мың тұрғынға (118 362 жеке тұлға және 1 329 бизнес субъектісі) сомаларды қайта есептеді.

Сұхбат

PhotoRoom