2,1 млн қазақстандық 42 500 теңге төлемін алды

Әлеумет
31.07.2020, 13:24

Тамыз айында қазақстандықтарға 21 250 теңге келемінде біржолғы төлем жасалады

2,1 млн қазақстандық 42 500 теңге төлемін алды
Фото: tengrinews.kz

2,1 млн-ға жуық қазақстандық «42 500 теңге» біржолғы төлемін алды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

31 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде: 

  • 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; 
  • 591,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; 
  • 326,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; 
  • 607 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Сұхбат

PhotoRoom