«Есіктен есікке»: Қарағанды облысында AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Аймақ
10.03.2023, 12:07

Басты мақсат – Шахтинск қаласы мен оған қарасты кент тұрғындарының әрқайсысына сайлауалды бағдарламаны түсіндіру

«Есіктен есікке»: Қарағанды облысында AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

«AMANAT» партиясынан Шахтинск қалалық мәслихатына үміткер Алмас Омарбеков «Табыс» сауда үйі ұжымымен кездесті.

Кездесу партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша акция түрінде өтті.

Басты мақсат – Шахтинск қаласы мен оған қарасты кенттер тұрғындарының әрқайсысына сайлауалды бағдарламаны түсіндіру, сайлаушыларды депутаттыққа үміткерлермен таныстыру және алдағы сайлауға шақыру.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы, бірінші кезекте тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Менде біздің ортақ мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда талап пен мүмкіндіктер бар. Мемлекетіміздің мықты және табысты болуы біздерге байланысты емес пе?!  Менде біздің өміріміздің деңгейін көтерудің нақты стратегиясы бар. Біз барлық саланы дамытуды, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын, бәсекеге қабілетті мамандардың өз елінде жетістікке жетуін, жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғын үй мәселесін, көптеген әлеуметтік мәселелерді біртіндеп шешуді жоспарлап отырмыз», - деді Алмас Омарбеков.

Сондай-ақ жас мамандарды қолдау бойынша бағдарламаны жүзеге асыру бойынша партия үлкен бәс тігіп отырғанын және «AMANAT» партиясының басты бақылауында екенін айтты.

Болашақ ұрпаққа абыройлы мұра қалдыру үшін әрқайсымыз дұрыс таңдау жасауымыз қажет, -  деді Алмас Омарбеков.

Сайлау науқаны қарсаңында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында «Есіктен есікке» акциясы  күнделікті өткізіліп жатыр. Акция барысында үміткерлер аға буын өкілдерімен, жастармен, кәсіпкерлермен,  ауыл шаруашылығы саласы мамандарымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап жатыр.

Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom