«Қазақстан халқына» қоры эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға дәрі алды

Әлеумет
10.03.2023, 12:22

«Сабрил» дәрісі «СвиксБиоФарм» компаниясымен тек алдын ала тапсырыс беру арқылы сатып алынды

«Қазақстан халқына» қоры эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға дәрі алды
фото: ашық дереккөз

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. 2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге «Сабрил» дәрісі жеткізілді.

Препарат Түркістан облысындағы 21 балаға, Шымкент қаласындағы 24 балаға, Павлодар облысындағы 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға арналған.

«Сабрил» дәрісі «СвиксБиоФарм» компаниясымен тек алдын-ала тапсырыс беру арқылы сатып алынды.

Былтырдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і бала.

Сұхбат

PhotoRoom