Балқаш қаласында депутаттыққа кандидаттар экспромт кездесу өткізді

Аймақ
06.03.2023, 16:29
Балқаш қаласында депутаттыққа кандидаттар экспромт кездесу өткізді

Бүгін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар А.Сокульский, Р.Савутов, К.Шафикова, Б.Алишев және кандидат С.Қасымбековтың сенім білдірілген өкілдері «Ақ жарық» сауда үйінде экспромт кездесу өткізді.

Жалпы, экспромт кездесулер халықпен кері байланыс орнату үшін үлкен маңызға ие. Алдын ала дайындықты ұйымдастырмай пікір алмасу, сайлау алдындағы бағдарламаны түсіндіру.

Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттары туралы айтып, үгіт материалдарын таратып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Олар қарапайым тұрғындар үшін тұрғын үйге, лайықты жалақыға, сапалы білім мен медицинаға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстар туралы айтып, барлық қатысушыларды 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауға шақырды.

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom