Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды

Әлеумет
10.03.2023, 12:29

6 наурызда арнайы операция жүргізу кезінде Қарағанды облысының тумасы ұсталды

Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысының полициясы есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Бөлек ауылының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі құралдарын өндірген зертхананы анықтады.

6 наурызда арнайы операция жүргізу кезінде Қарағанды облысының тумасы, 29 жастағы күдікті ұсталды. Тінту барысында үй аумағынан шыны колбалар түріндегі жабдықтар, кристалды нысандағы ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр табылды және тәркіленді, – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің белгілері бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сұхбат

PhotoRoom