Мырзахметов "Максимум" есебін тыңдады

Аймақ
30.01.2015, 09:16

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының» директоры Жандар Омаров өзі жетекшілік ететін қаржы институтының 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Аймақтық қаржы инстиутының басшысы атап өткендей, өзі жетекшілік ететін мекеме мен оның еншілес ұйымы «Ырыс» ШҚҰ арқылы 1395 жоба 6 млрд. 939 млн. теңгеге қаржыландырылған. Яғни, «Макисмум» арқылы ірі 97 жобағы 4 млрд. 369 млн. теңге, «Ырыс» қаржы ұйымы» арқылы шағын 1298 жобаға 2 млрд. 570 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетілген. Өңірлік қаржы орталығы директорының айтуынша «Максимум» АИО» соңғы бес жылда 10068 жобаны қаржыландырып, нәтижесінде 28 мың жұмыс орны ашылған. Қос қаржы ұйымы өңірдің индустрияландыру картасы бойынша, мал және қарқынды бау шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары мен шағын құс фермаларын құру, ауыл шаруашылығы техникаларын алу, шағын сүт тауарлы фермалары мен бордақылау алаңдарын ашу және т.б. салалар бойынша жобаларды қаржыландырған. «Максимум» мамандары өңірдегі сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға арналған бағдарлама мен облыстағы ілкімді жобалардың іс-шара жоспарын әзірлеп, балық шаруашылығын дамыту, шағын несиелендіру жағдайына сараптау жасаған. Орталықтың жұмысын талдаған облыс әкімі А.Мырзахметов «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығын» құрғандағы басты мақсат – ауылды жерлердегі шағын бизнес жобаларды қаржыландыру болатынын айтып, болашақта да қаржы ұйымы осы бағыттан айнымауы қажет деді. Сонымен қатар, қайтарылымы кешіктіріліп жатқан несиелер бойынша пәрменді шаралар атқаруды, сырттан келетін азық-түлік тауарлары мен құрылыс материалдарына талдау жасап, осы өнімдерді өзімізде өндіру мүмкіндігін зерделеуді міндеттеді. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту сынды тың бастамаларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom