Әділетті Қазақстанда еңбек адамы бірінші орында тұрады – AMANAT

Аймақ
10.03.2023, 13:37

Шымкентте сайлауалды бағдарлама таныстырылды

Әділетті Қазақстанда еңбек адамы бірінші орында тұрады – AMANAT

Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұруға тиіс. AMANAT партиясы алдағы 5 жылда еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерінің заң аясында қорғалуына, адал еңбек еткен адамның лайықты табыс табуына ықпал етеді. «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламада осы бағыттағы нақты шаралар белгіленген.

Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде «Еңбек адамы» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша серіктестердің, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында аталған партиялық жобаның жүзеге асу барысы талқыға салынды.

Партияның «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламасында машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте жүздеген жаңа ірі және орта кәсіпорын құру көзделген. Жыл сайын кемінде 40 мыңнан астам сапалы, жоғары жалақы төленетін жұмыс орны ашылады.

AMANAT елдегі жалақы мөлшерін көтеруді және бюджеттік мекемелердің техникалық персоналы мен білікті қызметкерінің табысы арасындағы алшақтықты азайтуды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, жеке компаниялар мен корпорациялардың үстеме табысын қатардағы жұмысшыға лайықты жалақы төлеуге бағыттауына ықпал ету – негізгі басымдықтардың бірі.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom