Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды

Тұлға
02.08.2020, 15:09

Даңқты балуанның Мәскеу олимпиадасындағы жеңісіне биыл 40 жыл толды

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды
Фото: tengrinews.kz

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жеткізді.

«Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom