Алматыда суицидтің алдын алған екі полицей марапатталды

Аймақ
11.03.2023, 14:30

Оқиға 8 наурызда болған

Алматыда суицидтің алдын алған екі полицей марапатталды
inalmaty.kz

8 наурызда Алматы қаласы Түрксіб аудандық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, аға инспекторлар Санжар Әбдірайымов пен Құдайберген Тоғжанов азаматтың өзіне-өзі қолжұмсау әрекетінің алдын алды.

Ер адам, жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауынан қолына ілініп тұрған. Жол қозғалысын тоқтатқан полицейлер жүк көлігін секірмек болған ер адамның астына әкеліп қойды.

Сол арқылы адам өмірін сақтап, қайғылы оқиғаның алдын алды.

10 наурызда Түрксіб ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев, адамды құтқару бойынша жедел және үйлесімді жұмысты қамтамасыз еткені үшін, инспекторларға алғысын білдіріп, оларды атаулы қол сағаттарымен марапаттады.

Сұхбат

PhotoRoom