AMANAT: жайылым жеткілікті болса, ел жағдайы жақсара түспек

Аймақ
12.03.2023, 13:07

Бәйдібек ауданының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

AMANAT: жайылым жеткілікті болса, ел жағдайы жақсара түспек

«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мақсат Толықбай, Нұрсұлтан Байтілесов, облыстық штаб өкілдері Шырынбек Оңғаров, Қалыйма Жантөреева мен Ерлан Әбдиев Бәйдібек ауданына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды.

Аудан орталығы Шаян ауылында өткен жиында алдымен Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар сөз алып, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Елімізде жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл бағытта кемшіліктер де бар. Сондықтан ертеңгі күні осы мәселені тағы да көтеру қажет болып отыр. Өйткені, ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі драйвері. Жайылым жеткілікті болса, мал бағу сіздер секілді ауыл тұрғындарының қолынан келетіні сөзсіз, - деді Қалыйма Жантөреқызы өз сөзінде.

Кездесуге қатысқан тұрғындар штаб өкілдеріне жайылым жетіспеушілігі, ауылдарды дамыту, журналистердің мәртебесін көтеру сынды мәселелерін жеткізіп, тиісті жауаптар берілді.

Штаб өкілдері кездесу соңында партиялық жобалар аясында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлікке баулу бағытында тиімді іс-шаралар атқарылатынын айтып, бәйдібектіктерді сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom