Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары қатысады

Жаңалықтар
03.08.2020, 10:37

Марқұмның отбасы қазақстандықтарға үндеу жасады

Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары қатысады
Фото: ашық дереккөзден

Даңқты спортшы, күрестен Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары ғана қатысады. Бұл туралы марқұмның отбасы мүшелері хабарлады.

Олар қазақстандықтарды пандемияға байланысты жаназа шығаруға келмеуін сұрады. Жақсылық Үшкемпіровты ақтық сапарға тек туған-туыстары ғана шығарып салады.

«Қоштасу және еске алу рәсімінің бәрі тура бір жылдан кейін өткізіледі», - деді Үшкемпіровтер әулетінің өкілдері.

Осыдан тура 40 жыл бұрын Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алған Жақсылық Үшкемпіров 2 шілде күні 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Сұхбат

PhotoRoom