Шығыс Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін аудандар аталды

Аймақ
12.03.2023, 14:06

Барлау жүргізілген аумақта өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны анықталмады

Шығыс Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін аудандар аталды
Фото: ШҚО ТДЖ

Шығыс Қазақстан облысында «МИ-8» тікұшағымен су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Мамандар Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы өзен арналары, таулы және жазық аумақтар, гидротехникалық құрылыстарды тексерді.

Ресми ақпарат бойынша, Күршім ауданында қар 60-70%-ға, Самара және Ұлан аудандарында 20-40%-ға еріген. Қалған жазық аумақта қардың белсенді еру кезеңі жүріп жатыр.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, барлау жүргізілген аумақта өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ.

«Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларының беттері мұзбен жабылған. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады. Тексерілген гидротехникалық құрылыстарда жағдай тұрақты, суға толу 30-60% құрайды, су деңгейі төмендетілген, төменгі су ағындары ашық», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom