Қазақстандықтар көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуге тиіс

Экономика
12.03.2023, 15:01

Салық сомасын kgd.gov.kz web-порталы арқылы білуге болады

Қазақстандықтар көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуге тиіс
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетіндігін еске салды.

Көлікке салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен қатар салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспи банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурызда жіберіледі.

Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.

Сұхбат

PhotoRoom