Алексей Цой: Қиын кезең артта қалды деуге болады

Жаңалықтар
03.08.2020, 11:56

Наурыздан бастап Қазақстанда 1058 адам коронавирустан көз жұмған

Алексей Цой: Қиын кезең артта қалды деуге болады
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтты.

«Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделіп жатыр, қалған науқастар жазылып шықты. Өкінішке қарай, кешегі күнмен есептегенде 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте 1069 адам COVID-19 жұқтырады. Ауруханаларда дәрі-дәрмектер жеткілікті. COVID-19 және пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 52 мың төсек-орын бар», - деді министр ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, коронавирус пен COVID-19-дің клиникалық-эпидемиологиялық белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны мыңнан асқан.

Сұхбат

PhotoRoom