Елімізде тағы бір бұзушылық үшін жаза күшейтіледі

Экономика
12.03.2023, 16:20

Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға жауап берді

Елімізде тағы бір бұзушылық үшін жаза күшейтіледі
Фото: ашық дереккөз

Елімізде автокөлікке техникалық байқау жүргізу кезіндегі бұзушылыққа қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Смайыловтың айтуынша, қазір әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзгерістер міндетті техникалық байқау саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

«Осылайша, автокөліксіз техникалық байқау жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту көзделген. Жалған техникалық байқаудан өткені үшін автокөлік иелеріне айыппұл салынады. Сондай-ақ жалған техникалық байқауға жол бергені үшін «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесі операторына айыппұл қарастырылған», - деді Смайылов.

Сұхбат

PhotoRoom