«AMANAT»: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Сайрамда жалғасты

Аймақ
12.03.2023, 17:41

Сайрам ауданының тұрғындары 2,5 пайызбен берілетін несиеге қатысты сұрақтар қойды

«AMANAT»: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Сайрамда жалғасты

«AMANAT» партиясының республикалық штабы мүшелері мен Түркістан облысының бір топ кандидаттары, үгіт-насихат жұмыстарын Сайрам ауданында жүргізді.

Сайрамдық жұртшылықпен кездесу үшін қоғамдық штаб жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, республикалық штаб мүшелерінен Дихан Қамзабекұлы, Ринат Зайтов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Әбдібақыт Мақұлбаев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұржан Аширов пен Жанар Темірбекова және облыстық штабтың мүшесі Жандос Әзімбай, партияның өңірлерді дамытуға бағытталған жүйелі бағдарламасымен таныстырды.

Бас қосуға жиылған аудан тұрғындарының алдында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Темірбекова, жастардың және қоғамның сенімі туралы сөз етті.

Ал республикалық штабтың мүшесі Ринат Зайытов, сайлауға барша тұрғынның бірдей барып атсалысу керегін, өз қолымен барып әділ сайлау өтуіне ықпал жасауға шақырса, Мәжіліс депутаттығына үміткер Әбдібақыт Мақұлбаев, қоғамда өзекті болған «жалақы»  мәселесін тілге тиек етті.

Халықтың күн көріс мәселесін көтеру, жоғарғы жалақы сынды проблемалар партияның бағдарламасында қамтылған, - деп түйіндеді өз сөзін.

Түсіндірме жұмыстарынан кейін, партия бағдарламасына қызығушылық танытып көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Соның бірі – 2,5 пайызбен берілетін несие. Яғни, жұмысы жоқ халықтың бұл несиеге қалай қол жеткізуге болатынын және кәсіп ашу үшін қандай талаптардың бар екенін сұрады. Облыстық штабтың мүшесі Жандос Әзімбай бағдарлама аясында несиенің берілу жолдары мен кімдерге қолжетімді екендігін түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында,  штаб мүшелері сайрамдық жұртшылықтың ақ батасын алып, 19 наурыз күні сайлауға қатысуға шақырды.                   

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom