Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілді
Бөрлі ауданының әкімі елді мекендер мен нысандарды су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында күн жылынғалы барлығы 103 839 текше метр еріген су шығарылған. Орал, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандарында және Бәйтерек ауданында еріген суды бұру жұмыстары жалғасып жатыр.
Асан кентінің тұрғындарынан қоңыраулар түсіп жатыр. Олардың айтуынша, қазір үйлерден шығу мүмкін емес, көшелер мен аулалар су астында қалды. Бұл жерде ассенизаторлар жұмыс істейді, бірақ олардың шамасы жетпейтін сияқты, - деп хабарлады портал.
Төтенше жағдайлар министрлігі Орал қаласы Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілгенін хабарлады.
Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.
Қазір Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ. Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 (барлығы 103 839 м3) су жиналып жатыр. Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында тәулігіне-8338 қар шығарылды. (барлығы - 319915 м3 қар). 535 ойық бұрғыланып, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.