Үш науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Елімізде бір тәулікте 44 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
3 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 793 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 130 пациент стационарда, 1 663 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырғандар арасында екі адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Үш науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.