AMANAT: Жастар – халқымыздың болашағы

Аймақ
13.03.2023, 12:27

Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жас ұрпақты қолдауға бағытталған

AMANAT: Жастар – халқымыздың болашағы

Семей қаласының қалалық мәдениет үйінде AMANAT партиясының сайлауалды штабының жастармен кездесуі өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов сайлаушыларға AMANAT партиясының жас ұрпақты қолдауға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. AMANAT партиясы жұмысқа орналасу, тұрғын үй саясаты, стипендиялар мен білім беру гранттары сияқты салаларды қамти отырып, жастар үшін әділ әлеуметтік орта қалыптастыру, жас қазақстандықтардың озық ұрпағын тәрбиелеу үшін жағдай жасау міндетін өзіне алады. Қуаныш Серқазыұлы тұрмыстық мысалдарды келтіре отырып, дұрыс бағдар мен тәрбие берудің, бірліктің, бір-біріне көмектесу және қолдаудың қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті. 

«Жас буын өкілдерінің қоғамдағы рөлі ерекше, сіздер қаламыздың өсіп-дамуына жауаптысыздар. Сондықтан бойларыңыздағы отансүйгіштік қасиеттерді дамытып, патриотизмді тәрбиелеу арқылы туған қаламыздың гүлденуіне септігімізді тигізе аламыз. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жас ұрпақты қолдауға бағытталған. Атап айтатын болсақ, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй саясаты, білім беру гранттары сияқты салаларды қамти отырып, жастар үшін әділ әлеуметтік орта қалыптастыру, жас қазақстандықтардың озық ұрпағын тәрбиелеу үшін жағдай жасау міндетін өзіне алады. Себебі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі», - деді Қуаныш Серқазыұлы.

Келіп түскен сұрақтар, ұсыныстар облыстық филиал жанынан құрылған сайлауалды штаб мүшелерінің одан әрі жұмысына қабылданды. Кездесу барысында өте маңызды мәселелер көтерілді, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы қандай бағыттарды қамтитыны туралы айтылды. Жастар сайлауға белсенді қатысуға және 19 наурызда AMANAT партиясын қолдауға шақырылды.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom