Мәжіліс депутаттығына кандидат Нұртай Сабильянов қалбатаулықтарды тыңдады

Аймақ
03.03.2023, 18:25

Қалбатауда үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Мәжіліс депутаттығына кандидат Нұртай Сабильянов қалбатаулықтарды тыңдады

AMANAT партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Абай облысынан кандидат Нұртай Сабильянов, АМАNАТ партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы, облыс мәслихатының депуттатығына үміткер Қуаныш Сүлейменов Қалбатау ауылына барып, сайлау науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен ауыл тұрғындары қатысқан кездесу барысында AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламалары пысықталып, 19 наурыз күні өтетін ҚР Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге жиналған Қалбатау тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірдегі өзекті мәселелерді қозғады. Депутаттар тарапынан көтерілген барлық мәселелер бойынша жауап беріліп, сайлауалды бағдарлама негізінде алдағы уақытта қандай жұмыстар жоспарланғаны айтылды. Ауыл халқы өз ойларымен бөлісіп, алда келе жатқан сайлау науқанына бір адамдай ат салысып, еліміздің ертеңі, жарқын болашағы үшін дауыс беретіндерін жеткізді.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom