Асқар Мамин індет өршіп тұрған облыстарды атады

Рейтинг
04.08.2020, 10:07

Қостанай, Ақмола облыстары эпидемиологиялық жағдай күрделі

Асқар Мамин індет өршіп тұрған облыстарды атады
Фото: sputniknews.kz

Қазақстан бойынша коронавирустың тәуліктік таралуы 1,5 есеге азайған. Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатыр.

«Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандың 69,4 пайызы жазылды. Қалған науқастар қажет медициналық көмек алып жатыр. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді», - деді ол үкімет отырысында.

Сондай-ақ, премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйеніп, аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктив деңгейі бірден төмен облыстарды атады.

«Бұл - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Сонымен қатар, инфекцияның репродуктив деңгейі бірден жоғары облыстар бар. Бұл - Қостанай, Ақмола облыстары. Мұнда жағдай күрделі. Осындағы әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге баса назар аудару керек», - деді Асқар Мамин.

Сұхбат

PhotoRoom