Ливандағы үшінші бітімшерлік рота елге оралды

Фоторепортаж
04.08.2020, 11:24

Қазақстандық әскерилер Үнді бітімгершілік батальоны құрамында болды

Ливандағы үшінші бітімшерлік рота елге оралды
фотолар: Қорғаныс министрлігі

Бүгін Ливандағы сегіз айлық қызметтен кейін үшінші бітімгерлік рота елге оралды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды.

«Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да  сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады», - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білген.

«ҚР Қарулы күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау - еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолында маңызы зор. Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы полковник  Бауыржан Артықов.

Сондай-ақ ол бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына сенім білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom