Карантин ұзартылуына байланысты 21 250 теңге төлемі автоматты түрде тағайындалады

Әлеумет
04.08.2020, 11:33

Қазақстанда 42 500 теңге төлемін алғандар 2,1 млн-нан асты

Карантин ұзартылуына байланысты 21 250 теңге төлемі автоматты түрде тағайындалады
Фото: kursiv.kz

4 тамыздағы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

  • 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 609,3 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 347,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Санаттар бойынша:

  • 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 206,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 1 млн 379 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Тегтер:
42 500 теңге

Сұхбат

PhotoRoom