Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді

Экономика
14.03.2023, 09:20

Үкімет тиісті қаулыны қабылдады

Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
фото: ашық дереккөз

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.

Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды, - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.

Қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Сұхбат

PhotoRoom