Кандидаттар Бородулиха ауданы тұрғындарын AMANAT партиясының реформаларын қолдауға шақырды

Аймақ
14.03.2023, 15:45
Кандидаттар Бородулиха ауданы тұрғындарын AMANAT партиясының реформаларын қолдауға шақырды

Бір мандатты сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұртай Сабильянов пен Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов Бородулиха ауданының сайлаушыларымен кездесті.

Депутаттыққа кандидаттар 19 наурызда дауыс беру қалай өтетіні және қанша бюллетень болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарды AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, партияны қолдауға шақырды.

«Соңғы 25 жылда бұдан бұ­рынғы тарихымыздың жүз­деген жылда­рында армандап, қолымыз жетпеген, жеткізе алмаған, бұрын-соңды болмаған құндылықтар мен игіліктерге қол жеткізе алдық. Осының барлығы Үкіметтің, онымен тікелей жұмыс істейтін партияның арқасында жасалғанын атап өткім келеді.

Бүгінде біз әр адам туралы әлеуметтік желілерден, интернеттен ақпарат ала аламыз, өмірбаянын оқып, оның саясатқа көзқарасын түсіну қиынға соқпайды. Бұл ретте бүгінде AMANAT партиясының қатарындағы барлық деңгейдегі депутаттыққа үміткерлердің құрамы 75%-ға жаңартылды.

Осы сайлауда ҚР Парламенті Мәжілісіне, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға AMANAT партиясының үміткерлеріне дауыс беруге шақыратынымның бір ғана себебі бар. Ол – елімізде бейбітшілік болғанын қалайтыным. Мемлекетімізде көрші елдерде орын алып жатқан келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек. Ендеше Үкіметіміздің, партиямыздың басты мақсаты - бұл бейбітшілік. Сондықтан сіздерді AMANAT партиясын қолдап қана қоймай, президент жүргізіп жатқан реформаларды қолдауға, жарқын болашағымызға қолдауға шақырамын!», - деп атап өтті Қуаныш Серқазыұлы.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom