ҚТЖ қызметкерлері AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты

Аймақ
15.03.2023, 19:31

Шағангүл Жанаева партия құрамы 75 пайызға жаңарғанын айтып өтті

ҚТЖ қызметкерлері AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты

«AMANAT» партиясының Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кәсіпорын ұжымдарымен кездесулері жалғасып жатыр.

15 наурызда «AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Шағангүл Жанаева мен Владимир Бабиченконың ҚТЖ ұжымымен кездесуі өтті.

«AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Шағангүл Жанаева партия құрамы 75 пайызға жаңарғанын, оның қатарында партия жұмысына жауапкершілікпен қарайтын түрлі кәсіптердің өкілдері бар екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясының жаңа өкілдерінің бірі – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Владимир Бабиченко.

Теміржолшылар әулетінен шыққан Владимир Владимирович бұл салада қалай жұмыс істей бастағанын, саясатқа қалай келгенін, жергілікті жерлерде қандай проблемалар шешіліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ келіп түскен шағымдар, сайлаушылардың өтініштері мен ұсыныстары негізінде жасалған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтті. Тұрғындар тарапынан берілген өтініштер тиісті органдарға жіберілетін болады.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom