Елордада бұрын асфальт болмаған көшелердің құрылысы жүріп жатыр

Фоторепортаж
06.08.2020, 14:44

Биыл жөнделетін 150 көшенің 100-і елді-мекендерге тиесілі

Елордада бұрын асфальт болмаған көшелердің құрылысы жүріп жатыр
Фотолардың авторы: Александр Куприенко

Елордада биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісінде жазды.

«Жолдар бірнеше критерийлер бойынша таңдалды. Бірінші. Бұрын асфальт болмаған жолдарды таңдадық. Мұндай жолдардың көбі елді-мекендерде орналасқан. 150 көшенің 100-і елді-мекендерге тиесілі. Екінші. Жаңа автобус бағыттарын іске қосылатын көшелер мен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер қамтылды. Үшінші. Тұрғындармен кездесу барысында олар әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерді асфальттауды сұрады. Мектептерге, медициналық орталықтарға, балабақшаларға және т.б. апаратын жолдар тізімге енгізілді», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі «Көктал» және «Агрогородок» елді-мекендеріндегі бірқатар көшелердің құрылыс барысымен танысты.

«Жалпы, осы екі елді-мекенде 33 көшені жөндейміз. Кездесу барысында тұрғындар жарықтандыру, жылыту, кәріз мәселелері бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Кейбір мәселелер бойынша шешім сол жерде қабылданды, қалғандары жоспарға бекітілді», - деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар, барлық аудандарда әлеуметтік нысандар, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, жарықтандыру шамдарын орнату, аумақтарды абаттандыру, нөсер кәріздерін орнату және т. б. бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

«Жылыту мәселесі газдандыру барысында шешіледі. Биылғы жылыту маусымында газға бірқатар елді-мекен қосылады. Өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom