Төрт облыста өзен суы тасуы мүмкін

Әлеумет
23.03.2023, 12:33

Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында қардың жылдам еруін болжап отыр

Төрт облыста өзен суы тасуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Қазгидромет күннің жылынуына байланысты төрт өңірде қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 23 мен 25 наурыз күндері қардың жылдам еруін болжап отыр.

Ауа температурасының жоғарылауынан бұл өңірлерде қар ериді, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жергілікті жолдарды еріген қар суы шайып, су басуы ықтимал.

Ұлытау облысында мұндай құбылыс Ұлытау ауданының солтүстігі мен Жаңаарқа ауданында болады, деп нақтылады Қазгидромет.

Сұхбат

PhotoRoom