Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды

Саясат
07.08.2020, 12:10

Ол Доминикан, Ямайка, Панама, Коста-Рика елдерінде де елшілік қызметін қоса атқарған

Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов ҚР Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ҚР Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Адриан Елемесов 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді. Еңбек жолын 1985 жылы бригадир, шебер, прораб, «Шымкентқұрылыс» трестінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастаған.

2010-2012 жылдары ҚР Испаниядағы елшісі;

2012-2015 жылдары ҚР Италиядағы елшісі (Мальта, Сан-Марино елдерінде де елшілікті қоса атқарған);

2015-2020 жылдар аралығында ҚР Мексикадағы елшісі (Доминикан, Ямайка, Панама, Коста-Рика елдерінде де елшілік қызметін қоса атқарған).

Сұхбат

PhotoRoom