Кітап оқуға үндейтін символикалық дата

Жаңалықтар
24.04.2023, 15:01
Кітап оқуға үндейтін символикалық дата

23 сәуір – әлем әдебиеті үшін символикалық дата. Дәл осы күні әлем әдебиеті майталмандары Сервантес, Шекспир, Вега және Дрюон сынды танымал авторлар өмірден озды. «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» болып белгіленген бұл күні Шымкентте оқуырманды кітап оқуға үндеу мақсатында игі іс-шара ұйымдастырылды. Пушкин кітапханасынан тілші толықтырады.

Аталмыш мерекені бұл күні әлем елдерінің халқы жаппай тойлады. ЮНЕСКО ұйымы баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға шақырды. Адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқандардың еңбегін дәріптеу шарасынан шырайлы шаһар жұрты да қалыс қалмады. Атаулы датаға Мехриддин Мухитдин айрықша дайындықпен келіпті.

Жыл сайын Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай қалалық кітапхана түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.Биылғы кітап мерекесі «Бұл кітап әлемі» атты Ашық есік күнімен басталды. Кітапхананың ауласында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда отандық жаушылармен қатар, шетел шедеврларының құнды дүниелері таныстырылды.

Зылиха Пернебекова – А. С. Пушкин атындағы әмбебап қалалық кітапхана директорының орынбасары

Шара аясында баланы ерте жастан кітап оқуға баулу мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Абадан бастауыш мектебінің оқушысы Аделя Жамбылова кітап туралы ән шырқады.

Жақсы кітап- жан азығы. Бұл күні кітапхана оқырмандарының саны артып, өткізілген шараларға үлкен қызығушылықпен қатысқан оқырмандар қатары көбейе түсті.

 

Сұхбат

PhotoRoom