Петропавлда ZіK компьютерлерінің сериялық өндірісі іске қосылды

Экономика
14.08.2020, 11:31

Зауыт жыл соңына дейін 60 мыңға жуық дербес компьютерлер мен ноутбуктерді өндіруді жоспарлап отыр

Петропавлда ZіK компьютерлерінің сериялық өндірісі іске қосылды
фото: zik.kz

Петропавлда отандық ZіK компьютерлерінің өндірісі іске қосылды. 2020 жылдың 13 тамызынан бастап Киров атындағы зауыт  («Қазақстан инжиниринг» ҰК еншілес кәсіпорны) алғашқы 5000 дана компьютерлік техниканы жинақтай бастады, олар елдің білім басқармасына жеткізілмек.

Бұрын хабарланғандай 2020 жылдың 1 шілдесінде Майкрософт пен «С.М.Киров  атындағы зауыт» арасында ZіK компьютерлерін Windows 10 Pro лицензиялық операциялық жүйесімен жабдықтау туралы келісім-шартқа қол қойылған болатын.

Бұл ынтымақтастық отандық өнімдер мен әлемдік деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтарын біріктіреді, сондай-ақ қашықтан білім үшін мектептерді жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ZіK компьютерлерінің бірнеше үлгілері осы жылдыі шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасында қалалық және ауылдық мекемелерде арнайы сынақтан өткенін айта кету керек. Сынақ нәтижелері бойынша ноутбуктер мектептерде пайдалануға ұсынылды.

ZіK компьютерлерінің өнімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптарына сәйкес келеді, олар Үкіметтің мектептерді компьютерлермен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жеткізіледі.

ZіK компьютерлерінде «CT-KZ» түріндегі тиісті тауардың шығу сертификаты бар. Қазіргі уақытта отандық компьютерлер шығаратын жобаны локализациялау үлесі шамамен 30% құрайды. Пайыз біртіндеп артып келеді, бұл болашақта пайдаланушыларға негізінен Қазақстанда жасалған өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

ZіK компьютерлерінің өнімі әлеуметтік сипатқа ие, себебі өндіру мен сату нарықтағы ұсыныстармен салыстырғанда айтарлықтай арзан бағамен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жылдың аяғына дейін зауыт тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне қарай, тағы 60 мыңға жуық дербес компьютерлер мен ноутбуктерді өндіруді жоспарлап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom