ОҚО кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламаның жемісін көрді

Аймақ
02.02.2015, 10:33

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылында тәтті күлшелер шығаратын цех жуырда мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа жабдықтарға қол жеткізді. Онда пісірілген өнім еліміздің 5 облысында сатылып жатыр.

Цехта тәтті печеньенің 30 түрі шығарылады. Көп жылдан бері тәтті күлше пісіріп, білікті кондитер атанған Ұлжан Әлжанова бұрынғы жабдықтардың машақаты көп екенін айтады. Кейде толығымен пісірмейді, кейде күйдіріп жібереді. Шетелдік пеш температураны автоматты түрде реттеп отырады. Отынды үнемді тұтынады. Ал станоктың қалыбы түрлі күлшелерді жасап шығара алатын мүмкіндігі бар. Тәттілердің атын кондитерлердің өздері ойлап табады екен. Қазғұрттық кондитерлер қазір тәтті тоқаштар нарығында бәсекелестіктің деңгейі жоғары екенін айтады. Ұсақ цехтар көп. Тұтынушының көңілін табу үшін тауардың сапасы жоғары, бағасы төмен болғаны керек. Қазір осы бағытта жаңа жобаларды бастапты. - 2014 жылы 41 шағын және орта кәсіпкерлік саласында жобаларымыз іске асып, 124 адам жұмыспен қамтылды. Соның 9 жобасы қайта өңдеу саласында. Қазір ауданда 5959 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, солардың дені белсенді түрде жұмыс істеп келеді, - деді Қазығұрт ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай.

Сұхбат

PhotoRoom