Батыс Қазақстан жол жөндеуге мән беріп отыр

Аймақ
02.02.2015, 11:54

Батыс Қазақстан облысында жол саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 6,8 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды BNews.kz.  Сондай-ақ, республикалық бюджеттен республикалық маңызды тас жолдардың құрылысы қаржыландырылмақ.

«Жымпиты-Қаратөбе жолын күрделі жөндеуден өткізу, Аңқаты-Сарыөмір тас жолы Шалқар көлі бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу, Чапаев-Жаңақала жолының құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары Орал-Тасқала-Каменка- РФ шекарасы тас жолы, Орал – Теплое РФ тас жолы Орынбор бағытында, Жалпақтал-Қазталов, Қазталов-Жәнібек тас жолында жүргізіледі», - деп БҚО әкімдігінен.

Сұхбат

PhotoRoom