Шымкент: 15 білім мекемесінде спорт алаңшалары жаңартылуда

Аймақ
29.08.2020, 14:40

Жалпы қала мектептерінің 77 пайызы спорт алаңшаларымен қамтылған

Шымкент: 15 білім мекемесінде спорт алаңшалары жаңартылуда
Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкентте білім мекемелерінде спорт алаңшаларын жаңарту жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева онлайн тамыз кеңесінде бұқаралық спортты дамыту, спорт алаңшаларын орнату бойынша баяндады.

Биыл білім басқармасына қарасты 15 білім мекемесінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында спорт алаңшалары жаңадан орнатылуда. Жалпы қала мектептерінің 77 пайызы спорт алаңшаларымен қамтылған. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom