Ақтау қаласы электронды қызметке жаппай көшіп жатыр

Аймақ
02.02.2015, 14:10

Ақтау қаласының әкімдігімен 8 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылды және олар «Е.gov» автоматтандырылған бағдарлама арқылы көрсетіледі.

 

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, есепті кезеңде мемлекеттік қызметке 51107 адам қолқа салған, олардың 6895-і ХҚКО арқылы болса, 44212-і мемлекеттік органдардың өзіне немесе оларға қарасты ведомсвтоларға өтініш білдірген.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қала әкімдігінде «Айқын» жобасы жұмыс істейді, ол арқылы азаматтар немесе заңды тұлғалар өз өтініштерінің қаралу барысын ғаламтор арқылы қадағалай алады. Сонымен қатар,  2014 жылы әкімдікке азаматтардың атынан 6194 өтніш пен арыз келіп түскен, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 18,4%-ға жоғары.

Ақпарат бойынша, азаматтардың өтініштерінің басым бөлігі жер мәселесіне қатысты  – 2440 (жалпы көлемнің 76,4%)  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына тиесілі  – 1468 (23,7%). Жергілікті тұрғындардың арыз шағымдарын қарау барысы әрдайын ресми сайтқа жарияланып тұрады.

Сұхбат

PhotoRoom