Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 13 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Әлеумет
09.09.2020, 10:30

КВИ жұқтырған 1,3 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 13 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
фото: azattyq-ruhy.kz

9 қыркүйек сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (257) және Алматы қалаларының (178), Алматы (111), Қарағанды (110) Ақмола (949) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom