Илья Ильин Спортшылар одағының Қызылорда облысындағы филиалын басқарады

Тұлға
10.09.2020, 10:53

Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген

Илья Ильин Спортшылар одағының Қызылорда облысындағы филиалын басқарады
фото: ТАСС

Белгілі спортшы, ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы болғанын хабарлады. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген.

«Жақсы жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Мен Қазақстан спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқарамын. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген. Туған өңірімде спортты дамыту үшін үлкен жоспарым бар. Алдыма үлкен мақсат қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!», - деп хабарлады.

Бұған дейін танымал атлет спорттағы карьерасын аяқтап, Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры болып тағайындалған еді. 

Сұхбат

PhotoRoom