Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Аймақ
10.09.2020, 11:34

Мемлекет басшысы сапар аясында жергілікті дихандармен, кәсіпкерлермен кездеседі

Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
фото: Тоқаевтың 2019 жылдың 21 мамырында Қостанай облысына жасаған сапарынан

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, дихандармен және ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі», - деп хабарлады ол.

Мемлекет басшысы соңғы рет Қостанай облысына 2019 жылдың 21 мамырында атбасын бұрған еді.

Сұхбат

PhotoRoom