Елорда әкімдігі жылу қай кезден бастап берілетінін айтты

Аймақ
10.09.2020, 17:38

Әкімдіктің хабарлауынша, көп пәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90%-дан жоғары

Елорда әкімдігі жылу қай кезден бастап берілетінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы сыртқы ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

«2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі бойынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде.

Әкімдіктің хабарлауынша, көп пәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90%-дан жоғары. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.

Сұхбат

PhotoRoom