ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді

Жаңалықтар
16.09.2020, 14:10

Орталық директорының айтуынша, ДДСҰ вакцинаны 9 қыркүйекте тіркеген

ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Facebook желісіндегі парақшасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны енгізгенін хабарлады.

«ДДСҰ ҚР вакциналық үміткерлер тізіміне Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинаны енгізді», - деп жазды ол.

Орталық директорының айтуынша, ДДСҰ вакцинаны 9 қыркүйекте тіркеген.

Сұхбат

PhotoRoom