Елордада малын иесіз жіберген тұрғын айыппұл төлейтін болды

Аймақ
16.09.2020, 17:56

Мал иесіне бұл жағдайдың қайталанбауы керектігі туралы ескертілді

Елордада малын иесіз жіберген тұрғын айыппұл төлейтін болды
фото: instagram.com/police_nur_sultan/

Айта кетсек, бұған дейін Үркер ауылында тұратын Әсет Биғалиев есімді Facebook қолданушысы үйінің маңына ылғи Қараөткел ауылынан сиыр түсіп, баптап өсірілген көк шөпті жеп, маңайды былғап кететінін жазған еді. Жазба авторы осы шағыммен қызықты видео да қалдырып, «iKomek» қызметінен көмек сұраған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті малдың иесіз жайылу фактісіне байланысты шара қабылданғанын хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық ПД жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғаушы сақшылары Шығыс Ильинка ауылының Доспамбет көшесінде 8 бас сиырдың иесіз жайылып жүргенін анықтады. Жедел шаралардың арқасында ол малдың иесі табылды. Ол Әкімшілік кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды» деп хабарлайды полиция департаментінен.

Сұхбат

PhotoRoom