Аягөз қаласының әкімі пара алған жерінен ұсталды

Аймақ
18.09.2020, 16:21

Лауазымды тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды

Аягөз қаласының әкімі пара алған жерінен ұсталды
фото: azattyq-ruhy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жақында 200-ден аса (208) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 9 лауазымды тұлға ұсталды (жыл басынан бері 161 тұлға), 7 тұлғаға (жыл басынан бері 120 тұлға) қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, 73 млн теңгеден астам (72 821 339 теңге) қаржы өтелді.

Күдікке ілінге тұлғалардың бірі - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі.

«ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сұхбат

PhotoRoom