Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдау кезінде айтты.
Президент Франсуаза Жолидің бұл сапары екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.
Өз кезегінде Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі құрмет көрсеткені үшін Президентке алғысын білдіріп, қабылдауда Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапары мен екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.