Мемлекеттік хатшы Тоқаевқа "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жалғастыру қажеттігін айтты

Мәдениет
22.09.2020, 19:55

Президент Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады

Мемлекеттік хатшы Тоқаевқа "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жалғастыру қажеттігін айтты
Фото: akorda.kz

Президентке бүкіләлемдік пандемияға қарамастан ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асуы туралы ақпарат берілді. 

Кездесуде Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функционалдық мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді баяндады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлтты жаңғырту бағдарламасы ретінде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.  

Президент Мемлекеттік хатшыға 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді бақылауда ұстауды тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom