Сапарбаев Талдықорғанға аялдады

Аймақ
03.02.2015, 09:59

Алматы облысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Вице-премьер Б.Сапарбаев Талдықорған қаласындағы Достық үйінің ішін аралап, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығының жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ ол қаладағы музыкалық студияда болып, өнер ұжымдарымен пікірлесті. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына қатысты ой қозғап, жылды табысты өткізуге тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар вице-премьер Тіл сарайында болып, ол жерде орыс, ағылшын және мемлекеттік тілді оқыту кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Келесі кезекте Бердібек Машбекұлы «Жастар» спорт сарайында түрлі спорт түрлеріне арналған залдарды аралап көріп, спортпен шұғылданушылармен тілдесті.

Сұхбат

PhotoRoom