15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабыла ма?

Аймақ
05.10.2020, 09:59

Көпшілікті алаңдатқан сауалға ВАК жауап берді

15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабыла ма?
фото: astana.gov.kz

Whatsapp мессенджерінде 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы аумағында блок-бекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және Нұр-Сұлтан қаласын 15 қазаннан бастап жабуға және оның айналасында блокпостар қою туралы мәселе бүгінгі уақытта қарастырылып жатқан жоқ. Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуді және ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратты ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіні бақылау комитетінің ресми сайты және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom