Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді

Аймақ
05.10.2020, 19:04

Олар ауа райы суытқан соң оңтүстікке қарай ұшуы мүмкін

Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді

Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған. Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да ары,  Иран жаққа өтіп кетеді.

Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар негізінен, тропикалық елдерде ұя салады.

Сұхбат

PhotoRoom