Халықаралық сарапшылар еуразиялық интеграция туралы кітап шығарды

Рейтинг
03.02.2015, 17:12

Жақында «Eurasian Integration – The View from Within» (Еуразиялық интеграция – ішкі көзқарас) деп аталатын кітап жарыққа шықты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер орталығының баспасөз қызметі хабарлады. 

 

41zkL6i9xWL

Еңбек Канаданың Карлтон университетінің профессоры Петр Дуткевич пен Ұлыбританияның Кент университетінің профессоры Ричард Сакваның редакторлығымен бірнеше автордан тұратын халықаралық ұжымның арқасында басылып шықты.

Кітаптағы Орталық Азияға арналған бөлімін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары Вячеслав Додонов, Ләйла Мұзапарова және Дария Мұхамеджановалар жазған.

Аталған зерттеу еңбегі 2015 жылдың қаңтар айында Routledge баспасынан (Лондон, Нью-Йорк) шықты.

Сұхбат

PhotoRoom