Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктің құрылымын бекітті

Құқық
06.10.2020, 15:36

Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады

Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктің құрылымын бекітті
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы құжатқа қол қойды.

Құжатта Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже, агенттіктің құрылымы берілген. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында еліміде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылатынын мәлім етті.

9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті.

Құжатқа сәйкес, Агенттікке ҚР Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

14 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom